Ауа райы
1 мин оқу 50

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

<p><strong>&laquo;Қазгидромет&raquo; 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Кей өңірлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның батысында ыстық ауа райы сақталады.

Синоптиктер ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады

Астанада көшпелі бұлтты ауа райы болжанып, жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде ауа температурасы +10…+12 °C, күндіз +13…+15 °C болады.

Алматыда өткінші жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Ауа температурасы түнде +10…+12 °C, күндіз +25…+27 °C шамасында болады.

Шымкент қаласында да жаңбырлы және найзағайлы ауа райы күтіледі. Түнгі температура +15…+17 °C, күндіз +27…+29 °C-қа дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар