Оқиға
1 мин оқу 60

Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді

<p><span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">Сургут</span></span> қаласында қыздың сөмкесіндегі телефон қуаттайтын құрылғы кенеттен өртеніп кетті. Оқиға Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада иығына сөмке асқан қыздың лифтіге кіргені көрінеді. Бір сәтте сөмкенің ішінен түтін шығып, артынша өрт тұтанған.

Қатты қорыққан қыз жанып жатқан сөмкені жерге тастап, лифтіден шығуға әрекеттенген. Алайда сол уақытта сөмке жанып, жабық кеңістік түтінге тола бастаған.

Біраз уақыттан кейін ол лифтіден шығып үлгерген. Қыздың қазіргі жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөмкенің ішіндегі телефон қуаттайтын құрылғы себеп болған.

Айта кетейік, Шахтинск қаласындағы гараждағы өрттен кейін жасөспірімнің денесі табылды.

Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады

Бөлісу: