Экономика
1 мин оқу 60

Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді

<p>Бес күннен кейін Астана &nbsp;Еуразиялық экономикалық интеграцияның, цифрландырудың және технологиялық дамудың болашағын талқылаудың орталық алаңына айналады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басын қосатын іскерлік &nbsp;форумы 28-29 мамырда ұйымдастырылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді

Форумның басты тақырыбы – «Жаһандық цифрлық бәсекедегі ЕЭО: Жасанды интеллектке иек арту».

Жиынның басты оқиғасы ЕЭО мемлекеттерінің көшбасшылары мен Халықаралық делегациялар басшыларының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс болмақ.

Форумға 1250-ге жуық кәсіпкер, Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен бақылаушы мемлекеттердің 350-ден астам мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдардың 130-дан астам өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Қытай, Әзірбайжан, Вьетнам, Египет, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан және басқа да елдерден 70-ке жуық делегаттар қатысады деп жоспарлануда.

Бөлісу:
Астанада Еуразиялық экономикалық форум өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар