Спорт
1 мин оқу 60

Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді

<p>Бүгін Алматыда алғаш рет түнгі&nbsp;Almaty Glow Ride велошеруі ұйымдастырылады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді

Ауқымды қалалық іс-шара белсенді өмір салтын ұстанатын, спортпен айналысатын және кешкі велосеруенді ұнататын тұрғындардың басын қоспақ.

«Велошерудің басталуы сағат 22:00-де Астана алаңында өтеді. Қатысушылар Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Тимирязев көшесі (Алматы қаласы әкімдігі ғимараты маңы) – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі бағыты бойынша жүріп өтеді», делінген ақпаратта.

Іс-шараға 3 мыңға жуық адам қатысады.

Велошеруге байланысты қалада көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Астанада қоғамдық веложалдау жүйесі жаңғыртылады

Айта кетейік, сәуір айында елордада веломаусым ашылды. Алғашқы күні 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты.

Бөлісу:
Алматыда алғаш рет түнгі велошеруі өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар