Медицина
1 мин оқу 160

Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінде туберкулездің ашық түрі анықталды

<p>Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласындағы №1 балалар ауруханасының медбикесінде (ерте жастағы патология бөлімі) инфильтративті туберкулез жағдайын растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінде туберкулездің ашық түрі анықталды

Қызметкер соңғы рет 24 сәуірде жұмыста болды. Қазір ол ауруханаға жатқызылды. Ақпан айында оның флюорографиясы таза болды.

Ведомствода жағдай бақылауда екенін айтты: онымен байланыста болған барлық балалар мен әріптестері тексеріледі (тексерілген 39 қызметкердің нәтижесі теріс). Ауруханада Үй-жайлар мен төсек-орындарына толық дезинфекциялау жүргізілген.

Бөлісу:
Астанадағы балалар ауруханасының медбикесінде туберкулездің ашық түрі анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар