Филиппинде ғимарат қирап, ондаған адам үйінді астында қалды
<p data-start="0" data-end="166">Филиппиннің солтүстігіндегі Пампанга провинциясына қарасты Анхелес қаласында опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында шамамен 30-40 жұмысшы қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәліметке сәйкес, салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың құлауына қолайсыз ауа райы себеп болған. Бұған дейін жергілікті басылымдар қалада нөсер жауын мен қатты жел болғанын хабарлады.
Оқиға орнына салдарды жою үшін 100-ден астам полиция қызметкері мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер жұмылдырылды. Жергілікті полицейлердің бірінің айтуынша, осы уақытқа дейін үйінді астынан 26 адам құтқарылды.
Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр, алайда үйінді ортасына жету қиынға соғып отыр.
Айта кетейік, Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты.