Заң мен Тәртіп
1 мин оқу 100

Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды

<p>Атырау облысының Жылыой ауданындағы жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсірілген. Оқиға сәуір айында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды

Өңірлік полиция департаментінің мәлімдеуінше, төбелеске қатысушылардың барлығы анықталған. Заңға қайшы әрекетке қатысқандар (13-14 жастағылар) заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Жаппай төбелес: Алматыдағы екі жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. Жинақталған іс материалдары кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Сонымен қатар олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұған дейін Таразда жоғары сынып оқушылары арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желіде кең тарағанын жазған едік.

Бөлісу:
Атырауда оқушылар арасында жаппай төбелес болды: Балалар түгел есепке алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар