Ауа райы
1 мин оқу 50

Алдағы күндері ауа райы күрт бұзылады

<p>26-28 мамыр аралығында Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. &laquo;Қазгидромет&raquo; синоптиктерінің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдағы күндері ауа райы күрт бұзылады
«Қазгидромет» мәліметінше, 27 мамырда Қазақстанның батысында, 27 және 28 мамыр аралығында оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен орталықта, ал 28 мамырда солтүстік пен шығыс аймақтарда жаңбыр жауады. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Найзағай, үсік және шаңды дауыл: 25 мамырға арналған ауа райы болжамы

26 және 27 мамыр түндерінде шығыс аймақтарда ауа температурасы +2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал күндіз:

  • батыста +16…+28 градус,
  • солтүстік пен орталықта +18…+25 градус,
  • шығыста +23…+30 градус,
  • оңтүстікте +20…+27 градус шамасында болады.

Ең жылы ауа райы шығыс өңірлерде сақталады.

Бөлісу:
Алдағы күндері ауа райы күрт бұзылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар