Қазақстан
2 мин оқу 70
Елімізде қашықтан жұмыс істейтін қандай мамандарға сұраныс жоғары?
<p><strong>Қазақстанда қашықтан жұмыс істейтіндердің саны бір жылда 35%-ға азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы алғашқы тоқсанда ел бойынша 29,8 мың адам онлайн форматта еңбек еткен. Былтыр бұл көрсеткіш 45,9 мың адамды құраған екен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Соған қарамастан, еңбек нарығында қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мамандықтарға сұраныс сақталып отыр. HeadHunter Kazakhstan дерегіне сәйкес, 20 мамырдағы 36,3 мың вакансияның 1,7 мыңы немесе 4,5%-ы қашықтан жұмыс форматын ұсынған. Онлайн форматтағы вакансиялардың ең көбі IT саласына тиесілі – жалпы ұсыныстың 23,9%-ы. Бұдан кейін бизнеске қызмет көрсету және бөлшек сауда салалары тұр.
Бөлісу: