Жаңалықтар
1 мин оқу 300
Заң жобасы қаралды
Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.С. Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі дайындаған «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заңының жобасы қаралды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар заңнаманы әрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі
Бөлісу: