Оқиға
1 мин оқу 50
Арқалықта мектептің шатыры өртенді
<p>Қостанай облысының Арқалық қаласында №5 орта мектептің төрт қабатты ғимаратының шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>,<strong data-entity-type="MessageEntityBold"><br /></strong></p>

Хабарлама түскеннен кейін 3 минут ішінде оқиға орнына алғашқы бөлімше жетті.
ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің аумағы 1100 шаршы метр.
«Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Таразда құтқарушылар өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады.
Бөлісу: