Жаңалықтар
1 мин оқу 207

Елбасы «Эни» компаниясының директорымен кездесті

26-03-AkordaАСТАНА. 28 маусым. Елбасы «Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальцимен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі мәселелері қарастырылды және оның елдегі мұнай-газ саласын бұдан әрі дамытуға қатысуының негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар сондай-ақ, Қашаған кенішін игеру аясында тиянақты әрі үйлесімді жұмысты қамтамасыз етудің қажеттілігін атап өтті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.
Бөлісу:
Елбасы «Эни» компаниясының директорымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар