Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды
<p>Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.

Бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосады.