Қоғам
1 мин оқу 40

Әр бала бақытты болуға лайық

<p>Жайдарман жаздың алғашқы күні әлемдегі ең мейірімді, ең шуақты мерекелердің бірі &ndash; Бала&shy;лар&shy;ды қорғау күні аталып өтеді. Бұл күні жер-жаһан балдыр&shy;ған&shy;дар&shy;&shy;дың сыңғырла&shy;ған күлкісіне бөленеді.</p>

Әр бала бақытты болуға лайық

Баланың шат күлкісі – өмірдің сәні, елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі. Сондықтан олардың құқық­тарын қорғау, дені сау, білімді әрі бақытты болып өсуіне жағдай жасау – ата-ананың ғана емес, тұтас қоғам­ның ортақ міндеті. Әрбір бала ме­йірімге, қамқорлыққа, жылы сөз бен жарқын болашаққа лайық.

Қоғамның шынайы келбеті балаларға деген қарым-қаты­на­сынан танылады. Егер бүлдір­шіннің күлкісі көп естілсе, демек елдің ертеңіне деген сенім де берік. Ал баланың мұңы көбейген жерде болашақтың да бұлдырай бастай­тыны анық. Сондықтан әрбір сәбидің бақытты балалық шағы – мемлекет дамуының маңыз­­ды өлшемдерінің бірі. Бала ұлттың ертеңі дейміз. Ал сол ер­теңнің қандай болары бүгінгі біздің мейіріміміз бен жауапкер­шілі­гімізге тікелей байланысты. Ұрпа­ғына қамқор елдің ғана келе­шегі кемел, болашағы баянды болмақ.

Бөлісу: