Спорт
1 мин оқу 50

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

<p>Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы жарыстың финалдары өтіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады.

Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар. Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:

1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)

2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)

3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)

Ертең финалдық бәсекенің 2-күні. Онда ел намысын Роман Маменов қорғайды. Ол тіреніп секіру жаттығуында жүлдеге таласады.

Бөлісу: