Жүргізушілерге ескерту: 1 маусымнан бастап жазғы шинаға көшу міндетті
<p>Қазақстанда 1 маусымнан бастап жазғы шиналар маусымы ресми түрде басталады. Осы күннен бастап көлікті қысқы шиналармен басқарған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, маусымға сәйкес келмейтін шиналарды пайдаланғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (21 625 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК-ке дейін өседі.
«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес, жазғы шиналардағы протектордың биіктігі кемінде 1,6 миллиметр болуы тиіс.
Сондай-ақ мамандар пайдалану мерзімі 5-6 жылдан аспайтын шиналарды қолдануға кеңес береді. Өйткені уақыт өте келе резеңке өзінің серпімділік қасиетін жоғалтып, протекторының тереңдігі талапқа сай болғанның өзінде жолдағы жүктемеге төтеп беру қабілеті төмендеуі мүмкін.