Оқиға
1 мин оқу 80

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты

<p><strong>Түркияда Измир-Анталья бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы Денизли-Айдын жолында Тырказ ауданында апатқа ұшыраған. Автобус жол қоршауына соғылып, кейін өртеніп кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция және жандармерия қызметкерлері дереу жеткен.

Автобус өртінен 8 адам мерт болған. Арасында жүргізуші және 1 сәби бар. Тағы 33 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді.

Атырау облысында 2 көлік өртенді: 60 жастағы жолаушы қаза тапты

Салонда 38 жолаушы мен көлік компаниясының 3 қызметкері болғаны анықталған.

Қаза тапқандардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Бұған дейін Таразда көлік өртенгені туралы хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар