Оқиға
1 мин оқу 60

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

<p>Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

1

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

2

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.

3

Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Бөлісу: