Оқиға
1 мин оқу 40

Жетісу облысында жер сілкінді

<p data-start="35" data-end="81"><strong>Бүгін Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді. Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2026 жылғы 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жетісу облысында жер сілкінді

Жерасты дүмпуінің ошағы Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым жерде орналасқан.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8-ді құрады. Энергетикалық класы – K=9.0.

Жер сілкінісінің эпицентрі 44,65 градус солтүстік ендік пен 79,10 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Бөлісу:
Жетісу облысында жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар