Қоғам
1 мин оқу 30
Шымкентте жедел жәрдемге жол ашатын ақылды бағдаршамдар іске қосылды
<p>Шымкент қаласында жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатқан кезде оның бағыты бойынша орналасқан бағдаршамдар автоматты түрде жасыл түске ауысады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бұл мүмкіндікті интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) қамтамасыз етеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта жедел жәрдемнің 5 реанимобиль көлігі арнайы трекерлермен жабдықталған. Ал ITS жүйесі қаладағы 354 бағдаршамды қамтып отыр.
Жаңа жүйе жедел жәрдем көліктерінің жолдағы кідірісін азайтып, науқастарға дер кезінде жетуіне мүмкіндік береді.
Бөлісу: