Еліміздің оңтүстігінде 37 градусқа дейін ыстық болады
<p><strong>«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Елордада күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы күндіз +27...+29 градусқа дейін көтеріледі.
Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Күндіз ауа температурасы +31...+33 градус болады.
Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Конаев қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, ауа температурасы +32...+37 градусқа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан өңірлерінде, атап айтқанда, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Бұл аймақтарда ауа температурасы салыстырмалы түрде төмен болады.
Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған және Тараз қалаларында да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.