Білім
2 мин оқу 190

Білім гранты берілді

<p>Шәкәрім университетінде өткен &laquo;Сыңғырла, соңғы қоңырау!&raquo; атты іс-шара биылғы түлектер үшін есте қаларлық ерекше оқиғаға айналды. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан &laquo;Shakarim High School&raquo; мектебінің түлектері арасында &laquo;Алтын белгіге&raquo; үміткерлер мен білім бәйгесінде топжарған озаттар аз емес.</p>

Білім гранты берілді

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков көпшілікті «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтай келе, университет базасынан ашылған «Shakarim High School» мектебінің басқа білім беру нысандарынан айырмашылығына тоқталды.

– «Shakarim High School» мек­тебі – заманауи талаптарға сай құ­рыл­ған, болашаққа бағытталған жаңа форматтағы білім ордасы. Мек­тебі­міздің алғашқы оқу жылы қазақ­тың бес арысының бірі, ұлы ойшыл, философ, ақын Шәкәрім Құдай­бер­діұлының 165 жылдық мерей­тойымен тұспа-тұс келуі ерек­ше тарихи әрі рухани мәнге ие болды. Сондықтан мектебіміз тек білім беру мекемесі ғана емес, ұлт­тық құндылықтарды дәріп­тей­тін ру­хани орталыққа айна­лып отыр. Қазір мектебіміз үшінші оқу жылын табысты жалғас­тырып келеді. Бүгінде ­10–­11 сыныптар­да 136 оқу­шы білім алады. Биыл­ғы оқу жы­лын­да бірнеше оқушы­мыз «Алтын белгі» мен «Үздік аттес­татқа» үміт­кер болды. Бұл – ұс­таз­дар мен оқу­шылардың жүйе­лі ең­бегі­нің нәтижесі. Басты мақ­саты­мыз – әлем­дік деңгейде ойлай­тын, көп­тілді, білімді, ұлттық құн­ды­лық­тар­ды бойына сіңірген тұлға қалып­­тастыру. Бүгінде мектеп тек білім беретін орын ғана емес, оқу­шының қабілетін ашатын, өмірге бейімдейтін орта болуға тиіс. Сондықтан балаларға акаде­мия­лық біліммен қатар сыни ойлау, цифрлық сауат, зерт­теушілік, көш­бас­шы­лық, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басымдық береміз, – деді ректор.

Бұл замануи талапқа толықтай сай мектептегі 10–11 сыныпта 136 оқушы білім алады. 2025–2026 оқу жылында «Shakarim High School» мектебінің 7 оқушысы «Алтын белгіге», 7 оқушы «Үздік» аттестатқа тәмамдап жатыр.

– Мектебіміздің басты ерекшелігі – университет базасында құрылуы. Бұл оқушыларға ғылыммен ерте жастан айналысуға мүмкіндік береді. Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құра-мы, жас ғалымдары мен PhD арнайы дәріс өткізіп, ғылыми зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырады. Осы арқылы оқушылар ғылым мен білімнің байланысын терең түсінеді. Биыл 68 түлек мектебімізден қанат қаққалы отыр, – дейді мектеп директоры Бақыт Сейітқалиева.

Шәкәрім университеті 2024 жылы Абай облысы көлемінде 221 білім үздігіне «Шәкәрім білім гранты» сертификатын берсе, биыл облысымыздың 434 «Алтын белгі» үміткеріне сертификат табыстады.

СЕМЕЙ

Бөлісу:
Білім гранты берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар