Қоғам
1 мин оқу 40

Павлодарлық әйел «жүктімін» деп сотты алдамақ болды

<p>Павлодар облысының Ақсу қаласында әйел сотқа жалған жүктілік анықтамасын ұсынған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Павлодарлық әйел «жүктімін» деп сотты алдамақ болды

Noks.kz, таратқан ақпаратта: Прокуратура мәліметінше, жүргізуші куәлігі жоқ әйел жол-көлік оқиғасына себепкер болып, көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған. Іс сотта қаралған кезде ол жүктілігі туралы анықтама ұсынып, соның негізінде әкімшілік қамау жазасы айыппұлмен алмастырылған.

Алайда прокуратура жүргізген тексеріс барысында медициналық анықтаманың жалған екені белгілі болды. 

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің жалған құжаттарды пайдалану бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар бұл іске қатысты полиция қызметкерлерінің әрекеті де тексеріліп жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге олардың ықтимал қатысы жөнінде нақты ақпарат берген жоқ.

Ақсу прокуратурасы соттың бастапқы шешіміне наразылық білдіріп, жазаны қатаңдатуды талап етті. Нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық алқасы айыппұлды 20 тәулік әкімшілік қамауға ауыстырған.

Бөлісу:
Павлодарлық әйел «жүктімін» деп сотты алдамақ болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар