Бибісара Асаубаева Norway Chess турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Ослода өткен беделді Norway Chess 2026 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Асаубаева турнирдің аяқталуына бір тур қалғанда жалпы есепте сенімді түрде көш бастап тұрды. Бибісара чемпиондық атаққа қол жеткізу үшін соңында өкшелеп келе жатқан украиналық қарсыласы Анна Музычуктан бір ұпай артық жинау жеткілікті болды.
Norway Chess Women-2026: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді
Классикалық шахматтағы партия тең аяқталды. Ал армагеддон форматындағы кездесуде Музычук жеңіске жетті. Соған қарамастан, Асаубаева өзіне қажетті бір ұпайды еншілеп, турнирдің соңғы туры басталмай жатып чемпиондық атаққа қол жеткізді.