Қоғам
1 мин оқу 60
Түнгі рейд нәтижесі: жасөспірімдер алкоголь ішкені белгілі болды
<p>Алматы қаласының Медеу ауданында полиция қызметкерлері түнгі рейд барысында ересектердің қарауынсыз ойын-сауық орындарында жүрген кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ алкогольдік ішімдік тұтыну фактілерін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Заң бұзушылықтарға жол берген барлар мен түнгі клубтардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірнеше мекеменің қызметі 6 ай мерзімге тоқтатылды. Сонымен қатар, сот шешімімен бір мейрамхана кешенінің жұмысы да уақытша тоқтатылды.
Жасөспірімдерге тиісті бақылау жасамағаны үшін олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу: