АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
<p><strong>АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында Old West End фестивалі өтетін орынның маңында атыс болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алдын ала мәліметтер бойынша, атысқа кем дегенде 2 адам қатысқан. Полиция оларды іздестіріп жатыр.
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Толидо полициясының хабарлауынша, атыс салдарынан 12 адам жарақат алды, олардың 2-уінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің көбі шамамен 20 жаста.
Толидо полициясы күдіктілердің бір-біріне оқ атқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Old West End — Толидо қаласының тарихи ауданында жыл сайын өткізілетін екі күндік фестиваль.
Бұған дейін, АҚШ-та жасөспірімдер арасындағы жанжал атысқа ұласып, салдарынан екі адам көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.