Қоғам
1 мин оқу 50

Оқу-жаттығудағы оқиға: Граната күтпеген жерден жарылған

<p>Әлеуметтік желілерде Алматы облысында өткен оқу-жаттығу барысында полицейлердің жаппай зардап шеккені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оқу-жаттығудағы оқиға: Граната күтпеген жерден жарылған

«Жоспарлы оқу-жаттығу барысында адам өміріне қауіп төндірмейтін қол жарық-дыбыстық гранатасының мерзімінен бұрын жарылуы орын алды. Техникалық оқиға болған жерге жақын тұрған бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді»,  делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми түсініктемесінде.

Полиция департаменті қызметкерлердің жаппай жарылысқа ұшырағаны және олардың ауыр жағдайда екені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Оқу-жаттығудағы оқиға: Граната күтпеген жерден жарылған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар