Саясат
1 мин оқу 40
Абай сыйлығы: іріктеу басталды
<p style="text-align: left;">Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Қазақстан Респуб­лика­сының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.</p>

Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 32 жұмысты қарады.
Құрамына еліміздің зиялы қауым өкілдері енген комиссия мүшелері Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады.
Дауыс беру қорытындысында Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.
Бөлісу: