Елордада ет және сүт өнімдерін тиімді бағада қайдан алуға болады?
<p>Астанада 13-14 маусым күндері дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен отандық өндірушілер өз өнімдерін ұсынады. Келушілер көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, ұн, кондитерлік тағамдар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да азық-түлік тауарларын сатып ала алады.
Іс-шара екі күн бойы, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін елордадағы Керуен жолы сауда орталығында өтеді.
Жәрмеңкеге келушілер үшін көлік қатынасы да қолайлы ұйымдастырылған. Аталған орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 бағытындағы автобустар қатынайды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда аптап ыстыққа байланысты жәрмеңкелерде ет сатуға шектеу қойылатынын жазған болатынбыз.