Үш жылда бюджет саласындағы 1,2 млн азаматтың жалақысы өсті
<p><strong>2022-2025 жылдары елімізде бюджет саласы қызметкерлері мен экономиканың жекелеген секторларында еңбекке ақы төлеуді арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 1,2 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өсті. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </strong></p>

Атап айтқанда, әлеуметтік саладағы 38 мың қызметкердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 600 мың педагогтің еңбекақысы – 25%-ға, 6 мың медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарына жататын 600 мыңға жуық адамның еңбекақысы орта есеппен 20%-ға артты.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік персоналына еңбекақы төлеудегі алшақтық қысқартылды.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайларды жоюға және антитеррорлық операцияларға қатысатын әскери қызметшілерге үш еселенген ақшалай төлем беріледі.
Үш жылдағы өзгеріс: Орман өрт сөндірушілерінің жалақысы екі есе өсті