Таразда такси жүргізушісінің көлігінен есірткі табылды
<p>Жамбыл облысы полициясының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Chevrolet Cobalt көлігі тоқтатылды. Анықталғандай, ер адам осы көлікпен қала ішінде такси қызметін көрсетіп жүрген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесі оның жалпы салмағы 4 келі 649 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті.
Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктінің психоактивті заттарды қолданғанын растаған.
Тараздағы даулы видео: полиция басшысы қызметінен кетуі мүмкін
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.