Спорт
1 мин оқу 100

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті

<p>Футбол мерекесі Канадаға да жетті. Торонтодағы &laquo;Би-Эм-О Филд&raquo; аренасында әлем чемпионатының В тобындағы алғашқы ойынды Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы бастап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті

Қос команда арасындағы ойын өте тартысты болды. Кездесудің 21-ші минутында Босния және Герцеговина сапынан Лукич Йово есеп ашты.

Канада құрамасы допқа иелік ету, шабуылдау жағынан алда болғанымен қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай біраз әлек болды. Тек матчтың 79-шы минутында ойынға тыңнан қосылған Кайл Ларин есепті теңестіріп, жергілікті жанкүйерді қуанышқа бір бөлеп тастады. Кездесу соңына дейін қарсыластар таблоға еш өзгеріс енгізе алмады. Қорытынды есеп 1:1. Қос команда бір-бір ұпайдан еншіледі.

Естеріңізге салайық, бүгін Д тобында АҚШ пен Парагвай, Австралия мен Түркия құрамалары алғашқы кездесулерін өткізеді. Ойын Астана уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де және 9:00-де басталады.

Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты

Бөлісу:
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар