Қоғам
1 мин оқу 50
Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды
<p>Елорда полициясының мәліметінше, мешіттен iPhone 13 телефонын ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Телефон иесі намаз оқып тұрған сәтте күдікті оның бел сөмкесінен смартфонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Күдікті бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Ұрланған смартфон иесіне қайтарылды.
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Бөлісу: