Түркістан облысында пойыз апаты болды: зардап шеккендер бар
<p>Түркістан облысындағы Жаңақорған - Түркістан теміржол учаскесінде «Саратов - Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, вагонда 36 жолаушы болған, оның ішінде 13 бала бар.
Ұшақ пен пойыз билеттерінің бағасы неге бірдей? ҚТЖ өкілі жауап берді
Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан екі адам зардап шеккен. Жолаушылардың бірі вагондағы дәретханада болған кезде басынан жарақат алған. Сондай-ақ көршілес вагонда болған бала ыстық суға күйіп қалған.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта пойыз бастығы мен пойыз бригадасы жолаушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.