Жүргізушілерге ескерту: Жаңа камералар қойылатын жолдар белгілі болды
<p>Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстанда орташа жылдамдықты тіркейтін камералар орнатылатын жол учаскелері туралы айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Оның сөзінше, жаңа жүйелер ең алдымен ақылы автожолдарға енгізіледі. Қазіргі таңда еліміздегі мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайды.
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
«Негізгі бағыттар – Қарағандыдан Алматыға дейінгі және Өскемен – Талдықорған бағыттары. Сондай-ақ Қорғастан Алматыға дейінгі учаскелерде де камераларды орнату жұмыстары жалғасады», деді Мақсат Баяхмет Үкіметтегі брифингте.
Оның айтуынша, мұндай камералар орнатылғаннан кейін жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға азайған. Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов республикалық маңызы бар жолдардың 10 учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған болатын. Сонымен қатар тағы сегіз тасжолда камераларды іске қосу және баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елордада ЖИ-камералар қауіпсіздік белдігі мен телефонды тексере бастады