Қоғам
1 мин оқу 30

Алматы-Өскемен тас жолындағы апат: Әскерилер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті

<p data-path-to-node="14"><b data-path-to-node="14" data-index-in-node="0">Алматы облысында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға жедел медициналық көмек көрсетті</b><strong>, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматы-Өскемен тас жолындағы апат: Әскерилер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті

Алматы-Өскемен тас жолының Заречный шағынауданы аумағында жол апаты оқиғасының куәгері болған ұландықтар дереу жетіп, жедел қызметтер келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Әскери қызметшілер жол-көлік оқиғасы орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды.

Көмек көрсету жұмыстарына сержант Берік Сәрсенбиев, ефрейтор Шарапат Сағынов, санитарлық нұсқаушы қатардағы Нұркен Бектай, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Қамбар Қанабек пен Әділ Қыстықбай қатысты.

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Әскери қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер медицина қызметкерлері мен құтқару қызметі мамандары келгенге дейін қажетті көмекті дер кезінде алды.

Бұған дейін Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні туралы хабарланған еді.

Бөлісу:
Алматы-Өскемен тас жолындағы апат: Әскерилер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар