Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
<p><strong>Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында көпқабатты тұрғын үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Ресей Федерациясының Ростов облысы бойынша Тергеу комитеті нәрестенің мәйіті 16 маусымда табылғанын хабарлады. Алдын ала деректер бойынша мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Баланың нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ростов облысының прокуратурасы тергеу барысын бақылауға алғанын мәлімдеді. Қадағалау органы істің жан-жақты әрі толық зерттелуін бақылайтын болады.
Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласында қоқыс жәшігінің маңынан жаңа туған нәресте табылды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Нәрестеге Батыр есімі берілген.