Спорт
1 мин оқу 90

Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылып қалды

<p>Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні мәресіне жетті. Шаршы алаңға көтерілген үш боксшымыздың екеуі жеңіліп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлем кубогі: Сабыржан Аққалықов өзбек боксшысынан ұтылып қалды

70 келі салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіпов бразилиялық Кайан Рейесті 5:0 есебімен таза жеңді. 

Ал 60 келідегі Серік Теміржановтың жолы болмады. Ол америкалық Салим Еллис Бейден 0:5 есебімен ұтылды. 

Әлем кубогінің екінші күні: Алты боксшымыздың екеуі жарыс жолынан шығып қалды

Сондай-ақ 80 келіде сынға түскен Сабыржан Аққалықов пен өзбек боксшысы Жавохир Умматалиев арасындағы жекпе-жек 2:3 нәтижесімен өзбек спортшысының жеңісімен аяқталды. Басымдық біздің жігіттің жағында болып көрінгенмен, төрешілер шешімі басқаша болды. 

Енді ертеңгі күндізгі сессияда ринг төріне үш боксшымыз көтеріледі: 

51 келі. 1/8 финал

Алуа Балқыбекова – Ирисмар Кардозо (Венесуэла)
Санатәлі Төлтаев – Патрис Мугалзаи (Англия)

54 келі. 1/4 финал. 
Назым Қызайбай – Виктория Рогалинска (Польша)

Бөлісу: