Білім
1 мин оқу 20

Ерекше талапкерге қандай жағдай жасалған?

<p style="text-align: left;">Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2026 жылы негізгі ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер қатысып жатыр. Оның ішінде 201-і &ndash; көру қабілетінде ақауы бар, 306-сы &ndash; естуі на&shy;шар, 86-сы &ndash; тірек-қимыл аппараты бұзылған талапкер. Оларға тестілеуде қандай жағдай жасалған?</p>

Ерекше талапкерге қандай жағдай жасалған?

Бұл сұраққа министр­лік жанындағы Ұлт­тық тестілеу орталығы­­ның өкілі жауап берді. «Талапкер­лердің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар жандардың тестілеуді ың­ғайлы тапсыруы үшін әртүр­лі шаралар қабылдауды жалғас­тырады. Өткен жылдар­дағыдай, биыл да ҰБТ-да ерек­ше білім беру қажет­тілігі бар талапкерлерге қосым­ша 40 минут уақыт беріледі. Соны­мен қатар көру қабілеті нашар балаларға сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді», делінген орталық мәліметінде.

Статистикаға сүйенсек, жоға­рыда айтылған шаралардың нә­ти­­жесінде тестілеуге қатыса­тын мүмкіндігі шектеулі бала­лар­­дың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатыс­са, 2022 жылдан бері  ерекше зәрулігі бар 500-ден аса адам тесті­­леу­­­­ден өтуге мүмкіндік алып жүр.

Сондай талапкердің бірі Ясмин Хамраева: «Маған ҰБТ-ны көпшілікпен бірге, тең жағдай­да тапсырудың маңызы өте зор болды. Өйткені бұл өзіңнің де өзгелермен бірдей мүмкіндікке ие екеніңді сезі­нуге септеседі. Денсаулығыңдағы әлдебір шектеулер мақ­сатыңа жетуге кедергі болмауға тиіс», дейді.

Айта кетейік, қажет болған жағдайда ерекше білім беру сұранысы бар түсушілерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмек­шілер ұсынылады.

Аружан ДОСЫМХАН,

ҚарҰЗУ студенті

Бөлісу: