Ресейде балалар мінген автобусқа дрон шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
<p>Ресейдің Брянск облысында Беларусьтің жас футболшыларын тасымалдап келе жатқан автобусқа дрон шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше жолаушы, оның ішінде балалар жарақат алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус ішінде 44 адам болған, оның 28-і – Беларусьтен келген жас футболшылар. Олар демалысқа Ресейдің Геленджик қаласына бара жатқан.
Шабуыл нәтижесінде балаларды алып жүрген әйел қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Кейбірінің жағдайы ауыр деп бағаланды.
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Ресейдің Тергеу комитеті аталған оқиға бойынша терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал ҰҚШҰ Бас хатшылығының өкілі Таалатбек Масадыков бейбіт тұрғындарға, әсіресе балаларға қарсы жасалған мұндай әрекеттерді айыптап, зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.
Қаза тапқан әйел команда жаттықтырушысының жұбайы болғаны хабарланды. Ол балаларды сапар барысында алып жүру үшін арнайы демалыс алған. Отбасында екі қызы қалған. Ал жаттықтырушының өзі ауыр жарақат алған.
39 бала әлі тұтқында: Нигерияда қарулы топ мектептерге шабуыл жасады
Шабуылдан аман қалған жолаушылар уақытша орналастыру орталығына жеткізіліп, оларға психологиялық көмек көрсетілді. Кейін олар Беларусьтің Речица қаласына қайтарылды. Зардап шеккен азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.