Әлем
2 мин оқу 30

Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?

<p>Таиланд билігі шетелдік азаматтар үшін елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл өзгерістің себептері мен оның туристерге әсері туралы Таиланд туризм басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Таиланд визасыз режимді неге 30 күнге дейін қысқартты?

Паттайя қаласында өткен халықаралық көрме барысында басқарма өкілдері аталған шешімнің туризмді шектеу үшін емес, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында қабылданғанын түсіндірді.

Олардың айтуынша, 60 күндік визасыз режим енгізілгеннен кейін елге келіп, заңсыз жұмыс істейтін немесе көші-қон талаптарын бұзатын шетелдіктер саны артқан. Осыған байланысты визасыз болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданған.

Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейді

Таиланд туризм басқармасының Еуропа нарығына жауапты өкілі Чиравади Кхунсубтың айтуынша, елде ұзақ уақыт тұрып, қашықтан жұмыс істеуді жоспарлайтын азаматтар үшін арнайы Digital Nomad визасы қарастырылған.

– Қазақстан азаматтары да осы визаны рәсімдеу арқылы Таиландта заңды түрде ұзақ мерзім бола алады. Қосымша ақпаратты Таиланд Корольдігінің Астанадағы елшілігінен алуға болады, – деді ол.

Туризм басқармасының деректеріне сәйкес, шетелдік туристердің Таиландтағы орташа демалыс ұзақтығы тоғыз күнді құрайды. Сонымен қатар, туристердің шамамен 90 пайызы елде 30 күннен артық болмайды.

Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі

Осыған байланысты ведомство жаңа талаптар туристік ағынға айтарлықтай әсер етпейтінін және негізінен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Бөлісу: