Қоғам
1 мин оқу 50

Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды

<p>Ішкі істер органдары 10-14 маусым аралығында жалған нөмірлерді қолдану фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында ауқымды тексеру шараларын өткізді. Рейд нәтижесінде 22 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды

Тексеру кезінде 500-ден астам автокөліктің жалған нөмір пайдаланғаны белгілі болды. Сонымен қатар нөмірсіз жүрген 1,5 мыңнан астам көлік анықталды.

Заң бұзушылықтарға байланысты шамамен 2,5 мың автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы мұндай деректердің көбі жауапкершіліктен жалтару мақсатында әдейі жасалатынын атап өтті.

Жалған нөмір таққандар енді түрмеге жабыла ма? Депутат қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Оның айтуынша, құқық қорғау органдары «Заң мен Тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, құқықбұұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік саясатын жалғастыра береді. Әрбір анықталған факт бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданып, кінәлілер жауапқа тартылады.

Полиция жалған нөмірлерді пайдалану мен өзге де жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтау бойынша рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда автокөлікті тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптарға сәйкес, пайдаланылған мемлекеттік нөмірлерді иесінің туыстарына немесе мұрагерлеріне беруге мүмкіндік туады.

Бөлісу: