Президент
4 мин оқу 90

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады

<p>Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады

II дәрежелі «Барыс» орденімен «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов марапатталды.

«Парасат» орденімен:

Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық офтальмологиялық аурухана» МКК директоры;

Боромбаев Ульфат Төлеуғалиұлы – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Павлодар облыстық онкология диспансері» КМК бөлімше меңгерушісі;

Нысанов Әбілмәжит – Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ Тасбөгет диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі;

Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлім бастығы марапатталды.

«Құрмет» орденімен:

Әбдел Зият Жұмаділұлы – «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;

Бидайбаев Арғын Ноянұлы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК директоры;

Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Жангелдин аудандық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі;

Богославский Павел Владиславович – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК директорының орынбасары;

Иманғазинов Сағит Баймұқанұлы – «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар филиалының профессоры;

Исабекова Лаура Қайратқызы – «Қостанай қаласының № 5 емханасы» ЖШС медицина директоры;

Колеснев Александр Валериевич – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бөлімше меңгерушісі;

Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры;

Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық кардиология орталығы» КМК директоры;

Мұстафинова Гүлнәр Төлеуханқызы – «University Medical Center» КҚ департамент директоры;

Нұрланова Рысты Берекелқызы – «Республикалық жоғары медицина колледжі» ЖШС консультанты;

Савхатова Ақмарал Досполқызы – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дәрігері, Алматы қаласы;

Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ кафедра басшысы, Ақтөбе қаласы;

Сыбанбаев Дархан Әріпұлы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК директоры;

Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы;

Уәлиева Райгүл – Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының зертхана меңгерушісі;

Хаиров Константин Эдуардович – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ хирургиялық блок басшысы марапатталды.

Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Балжанов Жеңіс Мырзасейітұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бөлімше меңгерушісі;

Бекарысов Олжас Сапарғалиұлы – «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» РМК директоры;

Бердешева Мира Қабдылкәрімқызы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «№ 5 қалалық емхана» МКК бас мейіргері;

Жұмахаева Әлия Серікқызы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК директорының орынбасары;

Кәрібай Серік Дүзелбайұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;

Мустафин Рамиль Табрисович – «Астана Эколайф» ЖШС медициналық директоры;

Огай Вячеслав Борисович – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС профессоры;

Тё Дмитрий Валерьевич – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі;

«Шапағат» медалімен:

Амангелдіқызы Сая – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ басқарушы директоры;

Дигай Александр Константинович – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС аға ординаторы;

Дүйсекенова Гүлжазира Қинайатқызы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» КМК қызмет басшысы;

Ким Алексей Юрьевич – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігері;

Мұхамедиев Ермек Дәкенұлы – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық қан орталығы» МКК директоры;

Оразалинов Азамат Жанәбілұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлім бастығының орынбасары Валерий Бенберинге табысталды.

Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады

«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы:

Байғошқарова Рахат Өсербайқызы – денсаулық сақтау саласының ардагері, Астана қаласы;

Епенова Жапырақ Кеңесханқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директоры;

Карабаева Раушан Жумартовна – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директоры;

Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының кеңесшісіне берілді.

Еске сала кетейік, Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, арнайы сөз сөйледі.

Бөлісу: