Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
<p><strong>Қала прокуратурасы тарапынан көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Тексеру барысында кезекті рет заңсыз тіркеу ісі әшкереленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесінің сыйақыға 990 адамды олардың нақты сол жерде тұруынсыз, бір бөлмелі пәтерге тіркеу арқылы ұйымдастырған заңсыз көші-қон фактісі анықталды.
«Наурызбай ауданының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады», делінген хабарламада.
164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды
Прокуратура қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертіп отыр.
Бұған дейін Ақтөбеде шетелдіктерді заңсыз тіркеп, жалған құжат жасаумен айналысқан топ ұсталған.