Мәскеудегі мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылына ұшырады
<p>18 маусымға қараған түні Мәскеу мен Мәскеу облысы қақтығыс басталғалы бергі ең ауқымды ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ондаған дрон Кремльден 14 шақырым жерде орналасқан Мәскеу мұнай өңдеу зауытына жеткен. Аталған кәсіпорын Мәскеу өңіріндегі бензиннің шамамен 40%-ын және дизель отынының 50%-ын қамтамасыз етеді.
Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин қалаға жақындаған 194 дронның әуе қорғанысы күштері тарапынан атып түсірілгенін мәлімдеді. Ал Ресей Қорғаныс министрлігі бір түн ішінде елдің 17 өңірі аумағында 550-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратының залалсыздандырылғанын хабарлады.
Шабуыл салдарынан Капотня ауданындағы Мәскеу мұнай өңдеу зауыты мен «Садовод» сауда орталығына зақым келген. Сондай-ақ Мәскеудегі Внуково, Домодедово, Жуковский және Шереметьево әуежайларында рейстер кейінге шегеріліп немесе басқа бағыттарға ауыстырылды. Қазіргі уақытта әуежайлардың басым бөлігі қалыпты жұмыс режиміне қайта оралған.