Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
<p>В тобындағы Швейцария мен Босния және Герцеговина құрамалары 2-турдағы кездесулерін өткізді. АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы <span class="hover:entity-accent entity-underline inline cursor-pointer align-baseline"><span class="whitespace-normal">SoFi </span></span>стадионында өткен ойында 4:1 есебімен швейцариялықтар айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Есепті 74-минутта шабуылшы Йохан Манзамби ашты. 80-минутта Босния және Герцеговина құрамасының қорғаушысы Тарик Мухаремович қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
84-минутта Рубен Варгас швейцариялықтардың екінші голын соқты. Ал 90-минутта Манзамби дубль авторы атанып, есепті 3:0-ге жеткізді.
Қосымша уақыттың үшінші минутында босниялық жартылай қорғаушы Эрмин Махмич бір голмен жауап қайтарды. Төреші қосқан қосымша минутта Гранит Джака пенальтиден мүлт кетпей, матчтың қорытынды есебін белгіледі.
Осы жеңістен кейін Швейцария құрамасы 4 ұпай жинап, В тобында бірінші орынға көтерілді. Ал Босния және Герцеговина 1 ұпаймен үшінші сатыда тұр. Канада мен Катар құрамаларында да бір-бір ұпайдан бар. Алайда олар екінші турдағы ойындарын әлі өткізген жоқ.
24 маусым күні Босния және Герцеговина үшінші турдағы кездесуін Катармен өткізеді. Сол күні Швейцария мен Канада құрамасы ойнайды.