Спорт
1 мин оқу 30

Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

<p><strong>Джесси Марш бастаған Канада құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші ойында жеңіске жетті. Ванкуверде өткен матчта олар Қатар құрамасынан 6:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Канада әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Матч кезінде Қатар құрамасының ойыншылары Хомам Әл-Амин мен Ассим Мадибо қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша қатарлықтар матчты 9 ойыншымен аяқтады. 

Джонатан Дэвид қарсылас командаға үш гол соқса, Кайл Ларин мен Натан-Дилан Салиба бір-бір голдан салды.

Қатар құрамасының жартылай қорғаушысы Мохамед Әл-Маннаи өз қақпасына бір гол енгізді.

Канада құрамасы бұған дейін 1986 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысып, бірде бір рет жеңіске жетпеген. Биылғы матч Канада құрамасының әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы жеңісі болды.

Осы жеңістің арқасында канадалықтар өз тобында көш бастады.

Айта кетейік, Швейцария мен Босния және Герцеговина құрамалары 2-турдағы кездесулерін өткізді. АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы SoFi стадионында өткен ойында 4:1 есебімен швейцариялықтар айқын жеңіске жетті.

Бөлісу: