Димаш Құдайберген «Алтын белгі» иегеріне ерекше сыйлық жасады
<p>Елордада 16 мыңнан астам оқушы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. Салтанатты іс-шарада №83 мектеп-лицейінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Максим Цойға Димаш Құдайберген арнайы сыйлық тарту етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушы бұған дейін 25 мамырдағы соңғы қоңырау кезінде ұстазымен бірге би билеп, әлеуметтік желіде тараған видеосымен көпшіліктің ықыласына бөленген еді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Максим Цойға арнайы сыйлық ретінде ноутбук тарту еткен.
Тосынсый атаулы күнді түлек үшін ерекше әрі есте қаларлық сәтке айналдырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге сапары барысында өзі білім алған №32 мектеп-гимназияға барып, ұстаздарымен және оқушылармен кездескен еді. Білім ошағының оқушылары құрметті қонаққа концерттік бағдарлама дайындап, Димаштың әндерін орындаған болатын.