Оқиға
1 мин оқу 130

Жанабыловтардан тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

<p class="isSelectedEnd"><strong>Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша тәркіленген көліктер электронды сауда алаңына шығарылды. Мемлекеттік мүлік порталы аукционға сегіз Hyundai Elantra автокөлігін шығарған. Көліктердің жетеуі 8,395 миллион теңгеге бағаланса, тағы біреуінің бастапқы құны 5 мың теңгеге төмен белгіленген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Жанабыловтардан тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды

Барлық автокөлік «Zhana Business» ЖШС-нің атына тіркелген. Компания құрылтайшысы ретінде Эльмира Төлегенова көрсетілген.

Аукцион 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Алғашқы кезеңде саудаға тек мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын мәртебесіне ие заңды тұлғалар қатыса алады. Егер көліктер мемлекеттік органдарға берілмесе, кейін олар ашық сауда арқылы барлық азаматтарға ұсынылады.

Еске салайық, бұған дейін сот шешімімен Ерболат Жанабылов екі жылға шартты түрде сотталып, мүлкі тәркіленген болатын. Ал Эльмира Төлегеноваға екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, үкімнің орындалуы екі жылға кейінге шегерілген.

Бөлісу: