Қоғам
1 мин оқу 70

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады

<p><b>Алматының Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT құрылысына байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі. Алматы қаласының әкімдігі жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.<br /></b></p>

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады

Атап айтқанда, Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады. Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді, сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.

«Жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады», делінген хабарламада.

Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болады.

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Бөлісу: